• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н.Назарбаев ШОБ-ті дамыту ұлттық міндет екенін айтты 06.10.2014

«2050 жылға қарай ШОБ-тің ЖІӨ-ға қосқан үлесі 50 пайызға жетуі қажет. «Самұрық-Қазына» да бұған өз үлесін қосқаны жөн. Қор әрбір компаниясының маңайында шағын және орта бизнеске жағдай жасауы керек. Трансформация аталмыш міндетке жетуге жағдай жасайды, себебі қорда тек мақсатты бизнес қана қалуы тиіс. Оның қосымша функцияларын ШОБ-тар жүзеге асыра алады», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Елбасы Халықтық ІРО бағдарламасын іске асыруды жалғастыру керектігін айтты. «Біз бағдарламаға қазақстандықтарды молынан тартуға тиіспіз», - деді ол.

«Акциялардың халықтың, қарапайым жұртшылықтың қолына дейін жететініне сенімді болу үшін нақты ережелерді айқындау керек. Акциялар елімізде саны көп ірі инвесторлардың еншісінде кетпеуі тиіс. Олар тәуелсіздік жылдары ішінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, байып алды. Олар енді бұл жерден де пайда көріп қалмақ ниетте. Осыны үкімет бақылауы тиіс. Халық үшін барлық процедуралардың ашықтығы мен ақпараттың халыққа қолжетімді болуы қажет», - дейді Н.Назарбаев.

«Сингапурлық Темасек кезінде өз алдына мемлекет активтерін басқарып қана қоймай, сондай-ақ ел экономикасын нығайтатын өз жанынан жаңа кәсіпорындарды ашу міндетін қойған болатын. 60 жылдар соңында Темасек шағын кеме жөндейтін кәсіпорын құрып, оны әлемнің ірі кеме жасаушы компанияларына дейін дамытты. Бүгінгі күні Қор аталмыш корпорацияның тек 20%-ына ғана ие болып отыр», - деді Н.Назарбаев. 

Сонымен қатар, Елбасы «Самұрық-Қазына» қоры еліміздегі жеке сектордың дамуына үлес қосу керектігін айтты. Мемлекет басшысы өз сөзінде кезінде мата, күріш, автокөлік жабдықтарын саудалаған шағын компанияларды жеке индустриялдық корпорацияларға айналдырған Оңтүстік Кореяны мысалға келтірді. 

 


Back to the list