06.10.2014
Қала әкімдігінде хабарлағандай, бүгінгі таңда мүлікті жария ету мәселелері жөнінде мүлік түрлері мен Астана қаласының аудандары бойынша 3 201 өтініш келіп түскен. Оның ішінде Алматы ауданы – 1153, Есіл ауданы – 443, Сарыарқа ауданында 1 605 адам өтініш білдірген. «Жылжымайтын мүлік» тақырыбында 2 941 өтініш қарастырылған.
Еске сала кетейік, азаматтарға ыңғайлы болуы үшін Астана қаласының барлық аудандық әкімдіктері жанынан арнайы комиссиялар құрылған.
Азаматтар мүлкін жария ету үшін өтініш, жеке куәліктің көшірмесін (өтінішті берген кезде түпнұсқасын ұсыну керек), нысанның құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкестігі туралы аттестатталған сарапшының қорытындысын, сондай-ақ, жылжымайтын мүліктің техникалық құжатын әкелуі тиіс.
Айта кетейік, Қазақстанда жария ету осы жылғы 1 қыркүйекте басталды, ол 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.