06.10.2014
«Ең алдымен қор жаңа құн қалыптастыруға шоғырлануы тиіс. Бұл реттегі басты мақсаты 2020 жылға қарай экономикалық кірістің оң көрсеткіштеріне шығу болып саналады. Бұл жалпы ішкі өнімге 2 трлн теңге немесе 11 млрд доллар қосымша үлес қосуға мүмкіндік береді», - деді Ө.Шөкеев
Қор басшысының сөзіне қарағанда, Трансформация бағдарламасы аясында Қор жұмысын жаңғырту, инвестиция салу талаптарын жетілдіру, бизнес-процестер мен портфельдің құрылымын оңтайландыру, сонымен қатар Қор жұмысын кең көлемде қайта құрып, қағазбастылықтан арылу қамтылады.
Қор басшысының айтуынша, «Самұрық-Қазына» шамамен 16 трлн теңгелік стратегиялық мәні бар ұлттық компаниялардың ірі иегері болып табылады. Қор елдің ЖІӨ-не тікелей 2,5 трлн теңге кіргізеді. Қазақстандағы инвестицияның төрттен бірі қордың үлескер компаниялары тарапынан тартылады. Сонымен қатар, компаниялар 350 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.