06.10.2014
Шара барысында Қордың трансформация бағдарламасының таныстырылымы жоспарланып отыр. Ұлттық әл-ауқат қорында атап өткендей, трансформация бағдарламасының жүзеге асуынан түсетін экономикалық пайда $11 млрд-қа бағалануда.
Шара барысында Оңтүстік Кореяның Korean Investment Corporation, Қатардың The Qatar Investment Authority, Сингапурдың Temasek Management секілді ұлттық әл-ауқат қорларының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.
«Самұрық-Қазынаның» Трансформация бағдарламасы мен оны жүзеге асыру шараларының жоспары Мемлекет басшысының қатысуымен бүгін талқыланбақ. Жиынға экономика мен бизнес саласында дүниежүзіне танымал сарабдал сарапшы Нуриэль Рубини мен бизнестің тиімділігін арттыру ісінің білгірі – Ицхак Адизес, Temasek, Khazanah, Korean Investment Corporation, Qatar Investment Authority сынды шетелдік ұлттық әл-ауқат қорларының өкілдері мен халықаралық қаржылық институттар, атап айтқанда, ЕҚҚДБ, ЭЫДҰ және Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері шақырылған.