• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
СҚО-ның фермерлік қожалықтары 50 миллион теңгеден астам қаражат үнемдеді – ҰКП 06.10.2014

Өңірдің салық органдары жеке табыс салығы төлемі туралы заңсыз ескерту жіберген. Алайда, жеке шаруа қожалықтары арнайы салық режимімен жұмыс істеп жатқан болатын. Ол бойынша бір ғана жер салығын төлеп, ЖТС төлеміне міндеттелмейтін.

«ҚР Салық кодексінің 442-бабының 1-тармағы мен 1-тарауы және 439-бабына сәйкес, бірыңғай жер салығы төлемшілері арнайы салық режимімен жұмыс істеп, фермерлік қожалық қызметіне қарамастан ЖТС төлеуге міндеттелмейді. Сонымен қатар, облыста қазірде сот прецеденті бар, ол бойынша салық органдарының әрекеті заңсыз деп танылғанымен, фермерлік қожалықтар  ескерту алып келе жатыр», - дейді СҚО КП сарапшысы Асқар Махмет.

2014 жылдың наурыз айында  жасалған жұмыс туралы есепке сай, Палатаның Тимирязев бөлімшесі тарапынан ауданда салық органдары қызметі арнайы салық режимімен жұмыс істейтін көптеген шаруашылықтарға 2013 жылдың төртінші маусымына 200 формасындағы салық есебін бермегені туралы ескерту жіберген. Бірнеше рет 5-6 жыл бұрын жабылған шаруаларға да осындай ескерту тапсырған.  

Сарапшылардың айтуынша, салық органдарының заңсыз әрекеттерінен көптеген шаруа қожалықтары бірыңғай жер салығы мен жеке табыс салығын қатар төлеп келе жатыр. Осындай жүйелі мәселелерді шешу үшін Палата СҚО прокуратурасына салық органдарының осындай жұмыстарын тексеру туралы хат жөнелтті.  

«Биылғы жылдың 4 қыркүйегінде прокуратура СҚО бойынша Салық департаментіне арнайы салық режимін қабылдайтын шаруа қожалықтарына заңсыз ескерту тәжірибесін тоқтату туралы ұсыныс пен заңды бұзған лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім жіберді. Біздің орташа есебіміз бойынша, өңірдің шаруа қожалықтары жыл сайын 50 млн теңге үнемдейді», - дейді Асқар Махмет. 


Back to the list