06.10.2014
Шараның мақсаты – кәсіпкерлерге кеңес беру қабілетіне үйрету. Тренинг қатысушылары тек теориялық білім алумен ғана шектелмей, теориядан тәжірибеге ауыса отырып белсенді түрде сұрақ қойды, деп хабарлайды «Даму» қоры.
«Тренингтер біліктілікті арттырып, бұрын білмегенімізді біле түсу үшін бізге өте қажет. Тәжірибелік сабақтар өзімізді сырттай бақылауға мүмкіндік береді. Біз шамамыз жеткенше кеңес беру қызметтерінің сапасын арттыруға күш саламыз. Біздің басты міндетіміз мемлекеттің кәсіпкерлерге берген көмектерін тегін кеңес ету болып табылады», - дейді Жезқазған қаласы Кәсіпкерлерге қызмет Ккрсету орталығының кеңес берушісі Эльмира Әбілқасымова.
Кеңес берушілер тренингте біліктіліктерін арттырып, коммуникациялық қабілеттерін шыңдады.