• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация форумына қатысады 06.10.2014

Шара барысында Қордың трансформация Бағдарламасы ресми түрде таныстырылып, тұсау кесері өтеді деп жоспарланған.

Форумда аталған спикерлер сөз сөйлейді: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев; «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Естайұлы Шөкеев; McKinseyGlobal компаниясының Басқарушы директоры Доминик Бартон; «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар Кеңесінің Мүшесі, Тәуелсіз директоры Сэр Ричард Эванс; Адизес институтының Бас директоры Ицхак Адизес; Нью-Йорк университетінің экономика профессоры, RGE Monitor компаниясының Президенті, әлемге танымал сарапшы Нуриэль Рубини.

Аталған шарада Оңтүстік Кореяның Korean Investment Corporation, Қатардың The Qatar Investment Authority, Сингапурдың Temasek Management қатарлы ұлттық әл-ауқат қорларының өкілдері баяндама жасайды деп күтілуде.


Back to the list