• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жас Отандықтар Көкшетаудың сауда кәсіпорындарында рейд өткізді 05.10.2014

Шара барысында жастар қаланың 200-ден астам сауда орындарына тексеру жүргізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жүргізілген шараның мақсаты қоғамның барлық саласында заңның сақталуын бақылау.

«STOPҚылмыс» жобасының басты мәні «Әрбір азаматтың тәртібі мен қауіпсіздігіне байланысты» сөзі болып табылады. Әрбір адам өзінің жасы мен әлеуметтік деңгейіне қарамастан ортақ заңға бағынуы керек. Аталмыш рейдтер аясында біз дүкен сатушыларын бақылауға алдық. Бірінші болып солар кәмелекеттік жасқа тлмағандардың заңды аттауының алдын алу керек», - дейді «Жас Отан» Жастар қанаты қозғалысының үйлестірушісі Абай Жамалиев.

Сонымен қатар құқық бұзушылармен әңгімелесіп, Жас отандықтар ақпараттық мәлімет беретін буклеттер мен парақтар таратты. Айтпақшы, қала тұрғындары рейдті ұйымдастыруға түсіністікпен қарап, мұндай шаралардың берері мол екендіктерін бір ауыздан мойындады.

«Жас Отан» жастар қанатының облыстық бөлімшесінде әлеуметтік желілерді пайдалана отырып қоғамның барлық мүшелерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жасау қолға алынған.


Back to the list