• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстандық студенттер тәжірибелі кәсіпкерлердің бизнес жүргізу жайын үйренді – ҰКП 05.10.2014

Кездесу барысында кәсіпкерлер студенттерге тиімді бизнес жасау тәжірибелерімен бөлісіп, өз қызметкерлеріне қоятын жұмыс берушілердің талаптарын айтып, жеке бас қабілеттері мен сипаттарын жетілдіру жолында еңбек ету жайлы ақыл-кеңестерін берді.

«Осы сынды кездесулер студенттерге тәжірибелерін шыңдап өміршең кеңестер алуға мүмкіндік беріп, өзін өзі дамыту мен жетілдіру жолында болашақтағы бағыт-бағдарларын айқындауға мол мүмкіндік береді», - дейді Алматы қалалық КП әлеуметтік мәселелер бойынша директоры орынбасары Светлана Идрисова.

Айта кету керек, кездесуде өзекті мәселелердің бірі ретінде «Кәсіпорындардағы мамандармен жұмыс істеу» тақырыбына басымдылық берілді. Шара Қазақстандағы Британ елшілігі мен «Шеврон» компаниясының әріптестік жобасы аясында ұйымдастырылды. Ол жемісті еңбек жолын құруда жас мамандардың қабілеттерін шыңдау мен бағыт-бағдар беруге бағытталған.


Back to the list