04.10.2014
Жәрмеңкеге Қарағанды облысынан 828 тонна ауыл шаруашылық және қайта өңдеу өнеркәсібі өнімдері, соның ішінде 59,5 тонна ет, 500 мың дана жұмыртқа, 15 тонна сүт өнімдері, 6 тонна балық, 2 тонна қымыз, 1,6 тонна бауырсақ, 450 тонна картоп, 250 тонна көкөніс, 8 тонна шұжық өнімдері, 36 тонна қайта өңдеу өнімдері әкелінді. Астана қаласының әкімдігі алдындағы алаңда 60 шатыр тігілді. Сонымен қатар, Қарағанды облысының делегациясы қайырымдылық акциясын – бауырсақ және қымыз фестивалін өткізді.
Жәрмеңкеде Ақтөбе облысына қарасты 12 аудан мен Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші үздік 120 кәсіпорын 34 сауда шатырында өз тауарларын ұсынды. Атап өту керек, жәрмеңкеде ұсынылған тауарлар Астана қаласында қалыптасқан нарықтық бағадан 10-15% арзан бағаға сатылды.
Ақтөбе облысынан 326 тонна өнім әкелінген. Соның ішінде 50 тонна ет, 5 тонна сүт өнімдері, 5 мың жұмыртқа, 202 тонна картоп пен көкөніс, 5 тонна балық өнімдері, 7 тонна өсімдік майы, 7 тонна шұжық, 45 тонна басқа өнімдер.