04.10.2014
Қылмыстар атап айтар болсақ аса ауыр түрі бойынша 21,3%, ауыр қылмыстар бойынша 20,9%, орта деңгейдегі қылмыстар бойынша 2,5%, кішігірім қылмыстар 7,7% азайған.
«Қылмыстың алдын алу бойынша мемлекеттік органдар жұмысының үйлестіру шаралары қылмыстың негізгі түрлерін азайтуға мүмкінді берді. Нақтырақ айтсақ олар: ұрлық 2,4%, соның ішінде пәтерге түсу 3,1%, бұзақылық 15,3%, тонау 26,1%-ға азайды. Осылар республикадағы жалпы қылмыстардың 70 пайызын құрайды», - деп хабарлайды ведомства.
Сонымен қатар кісі өлтіру 19,5%, қарақшылық 39,7%, бопсалау 20,6% төмендеді. Бұл қылмыстар қоғамның негізгі дерттері болып саналатыны анық.
Ведомстваның хабарлауынша, елдің барық өңірінде қылмыс саны азайған.