04.10.2014
Өздеріңізге де белгілі, Мемлекет басшысы апортты қайта өсіруді қолға алуды тапсырды. Осы мақсатта атақты Алматы алмасын өсіруге бағытталған бау-бақша шаруашылығын қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы дайындалды.
«Жетісу алмасын қайта жаңғырту үшін алдағы 5 жыл бойы тынбай еңбек ету керек. Сонымен қатар кемінде 4-4,5 мың гектар жерге бау-бақша егу керек. Осы мақсатта қазірдің өзінде бюджеттен 690,3 млн теңге бөлінді», - дейді облыс әкімінің орынбасары.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, бүгінгі таңда облыста жоғары сұрыпты жеміс ағашын өсірумен 9 шаруашылық айналысады. Жыл сайын олар миллионға жуық түп ағаш жемісін сатады.
Алдағы уақытта ғылыми-зерттеу институты шаруалармен бірлесе отырып алма мен жүзімнің техникалық сұрыптарын дамыту бағдарламасын дайындамақ. Бағдарламада апорт алмасына басымдылық беріледі.