03.10.2014
«Заманауи интерактивті технологиялардың арқасында Жылжымайтын мүлік қоры өтінімді қабылдаудың автоматтандырылған процесін енгізді. Инновациялық веб-жоба өтініш берушілер кезегінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Уақытта үнемдей отырып ғаламтор арқылы өтінім беру жүйесінің арқасында кезек автоматты түрде құрылып, адам факторының араласуының алдын алады. Мұның барлығы қоғамның оң көзқарасын тудырып отыр», - делінген хабарламада.
Хабарламада айтылғандай, жаңа жүйені алғаш болып Жамбыл және Алматы облыстарындағы бағдарламаға қатысушылар байқап көрді. Таразда 2 және 3 бөлмелі 35 пәтер сатылымға шығарылды. Өтінім қабылдаудың алғашқы күнінің өзінде екі бөлмелі бір пәтерге үш үміткерден тіркелді. Алматыда кейбір типтегі үйлер бойынша үміткерлер саны пәтер санынан екі есе асып түсті.
Пәтерлерге өтінім беру «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының ішкі ережелеріне сай қабылданады. Оған тек пәтер алатын қалада үйі жоқ азаматтар мен үйін жөндетуге мұқтаж азаматтар ғана өтінім бере алады. Және қойылатын тағы бір талап төлем қабілетінің болуы.