• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда жердің кадастрлық құнын реттеу керек – Өскенбаев (ФОТО) 03.10.2014

«Бүгінгі Үкіметтің отырысында Прокуратураның қызметіне байланысты бірқатар мәселелер қаралды. Прокуратура облыстардағы жердің кадастрлық құнын тексеру жұмыстарын жүргізді. Жердің кадастрлық құнын жергілікі атқарушы билік өзі анықтайды. Көптеген өңірлерде кадрлық құн біраздан бері жаңармағаны байқалуда», - дейді Қ.Өскенбаев.

Үлгілі өңірлердің бірі ретінде министр орынбасары Астана қаласын мысалға келтірді. Қалада тұрақты түрде кадастрлық құнның мониторингі жүргізіліп тұрады екен. «Астанада жер белгілі бір аудандық аймақтарға қарай бөлінген. Тиісінше осы арқылы жердің кадастрлық құны анықталады», - дейді.

Республика аумағында жеке меншік тұрғын үй құрылысына 385 мың жер телімі берілген.

«Олардың арасында 328 мың жер телімі тексерістен өтті. 55 мыңдай пайдаланылмай жатқан жер телімдері анықталды. Солардың арасында 16,3 мыңы қазір қозғала бастады. Ал тағы 7,2 мың жер телімі инвентаризациялау барысында өзге тұлғаларға берілді. Тағы 20 мыңы мемлекеттік меншікке қайтарылды. Одан кейін 9 мың жер телімінің иесі жоқ деп танылды», - дейді вице-министр.

Камила Амирова


Back to the list