03.10.2014
«Физикалық көлем индексі 2013 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 107,6% құрады. Соның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 122,5%, мал шаруашылығы бойынша 102,4%, қызмет көрсету бойынша 100%. Республика бойынша ауыл шаруашылық өнімдеріндегі Батыс Қазақстан облысының үлесі 4,7%-ды құрайды», - деді әкім.
Н.Ноғаевтың айтуынша, ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 44,8 млрд теңгені құрап, 2013 жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 7,6% артық өндірілді. Соның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 12,3 млрд теңге, мал шаруашылығы бойынша 32,3 млрд теңге, қызмет көрсету бойынша 0,2 млн теңге.
Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында 12 аудан, 2 қала, 3 кент, 148 ауылдық округ, 444 ауылдық елді мекен бар. 2014 жылдың 1 тамызындағы дерек бойынша, халық саны 627,4 мың адам.
Оның 310,2 мыңы қала халқы, 317,2 мыңы ауыл халқы. Халықтың орналасу тығыздығы 1 шаршы шақырымға 4,1 адамнан келеді.
Индира Қауметова