03.10.2014
«2014 жылдың қаңтар-тамыз аралығында 1313,3 млрд теңгенің өндірістік өнімі өндірілді, бұл физикалық индекс көлемі бойынша өткен жылдың сәйкесінше кезеңінен 3,8%-ға жоғары. Аймақтың еліміздің өндіріс саласындағы үлесі 10,5% құрады, ол республика бойынша үшінші орында тұр», - деді әкім.
Сонымен қатар, ол 2013 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы көрсеткіштермен салыстырғанда көгілдір отын өндірісі - 5,3%-ға, газ конденсаты - 6,4%-ға артты немесе сәйкесінше 13245,8 млн текше метрді немесе 8535,6 мың тоннаны құрады.
«Облыстың ЖІӨ үлесі - 5%, өндіріс үлесі - 10,5% көрсетті, ал 2013 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімі 1 трлн 734 млрд теңгені құрады. Бұл дегеніңіз жан басына шақққанда 2 млн 700 мың теңге. Аймақта елімізде өндірілетін конденсаттың 95,5% өндіріледі. Жалпы, өңір стартегиялық құжатта көрсетілген Елбасының тапсырмасы аясында дамып келеді», - деп толықтырды әкім.
Индира Кауметова