• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Өндірістік компаниялар 2 млрд теңге көлемінде несие ала алады – ҰКП 02.10.2014

Семинар барысында «Өнімділік-2020» бағдарламасын іске асыру кезіндегі нақты пайдалар туралы мәселе қаралды. Палата сарапшысы Любовь Алексееваның айтуынша, семинардың басты мақсаты – әрбір кәсіпкерге бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жеткізу.

«Өнімділік-2020» бағдарламасы Президенттің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру аясында 2011 жылдан бері жұмыс істейді.

«Бағдарлама аясында кәсіпорындарға ұзақмерзімді лизингтік қаржыландырулар мен инвестициялық жобаның кешенді жоспарын сараптау мен дайындаудың шығынын мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Сонымен қатар, білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдар, жоғары білікті шетелдік мамандар тартылады. Одан кейін аталмыш бағдарлама бойынша кәсіпорындар инновациялық гранттар алып, заманауи басқару және өндірістік технологиялар енгізе алады», - деп хабарлайды Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасы.

Семинарда кәсіпкерлерге «Өндіріс-2» бағдарламасы аясында инвестициялық жобаларды іске асыру туралы ақпарат берілді. Өңдеуші салада жұмыс істейтін ШОБ субъектілеріне «Өндіріс-2» бағдарламасы бойынша қаржылық қолдау көрсетіледі. Осылайша екінші деңгейлі банктерге ұзын саны 100 млрд теңге бөлінеді.

«Кәсіпкерлердің несие алу мүмкіндігінің шарттары барынша жеңілдетілген. Қаржыландырудың максималды мерзімі 10 жыл. Онда 1 млрд 850 млн теңгеге дейін несие беріледі. Алынған несиенің жыл сайынғы үстеме төлемі 6 пайыз», - дейді Л.Алексеева.

Айта кету керек, «Өндіріс-2» бағдарламасына қатысуға грант беру тетіктері барынша оңайлатылған.


Back to the list