01.10.2014
ҚР аумағындағы мүлікті заңдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияға құны 19 976,3 млн теңгенің мүлкін заңдастыруға 2 371 өтініш келіп түсті.
«Соның ішінде 19 033,3 млн теңгенің 2 621 нысанын заңдастыруға өтініш берілді. Ал 943 млн теңгенің 13 өтініші заңды тұлғаларға қатысу бойынша берілген. Қазіргі таңда Қазақстанда 106,3 млн теңгенің 31 нысаны заңдастырылды», - делінген хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, 2014 жылдың 21 қыркүйегіне дейін ҚР сырт аумағындағы мүлікті заңдастыру өтініші түспеген.
Ең көп Алматы қаласы мен Алматы облысы мүлікті заңдастыруға өтініш берсе (тиісінше 694 және 431), Белсенділік жағынан Қостанай облысы халқы үшінші орында тұр. Олар 209 өтініш берген. Ал ең аз өтініш берген өңір Маңғыстау облысы, небары 8 өтініш түскен.
ҚР Ұлттық банкі есебінің мәліметінше, екінші деңгейлі банктер тарапынан жалпы құны 1 480,8 млн теңгенің заңдастыруға қаражатының жинақ шоты ашылды. Ол жерден 336,1 млн теңге алынып, бюджетке 35,6 млн теңге қаражат түскен.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 1 қыркүйекте 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасатын мүлікті заңдастыру науқаны басталған еді.