30.09.2014
Үйлерді қалпына келтіру үшін мемлекеттік қазынадан 129 млн 469,7 мың теңге бөлінген, соның 113 млн 684,4 мыңы игерілді.
«Атбасар ауданының әкімі А.Никишев «АССМ-01» ЖШС мен «Электрожеліқұрылыс» ЖШС мердігер ұйымдарының құрылыс алаңдарында 45 пәтерлі төрт тұрғын үйлерді салу барысын бақылап, апта сайын жұмыс жиналысын өткізеді», - делінген хабарламада.
Құрылыс желілік кестеге сай жүзеге асырылып жатыр. 45 пәтерлі екі үйдің шатырын монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Жұмыспен «АССМ-01» ЖШС айналысып жатыр. Нысандар биылғы жылдың қазан айында пайдалануға берілмекші.