29.09.2014
ШҚО Ақпараттық орталығы хабарлағандай, шараға Түркия,Филиппин,Ұлыбритания, ОАР, АҚШ,Швейцария сондай-ақ, РФ пен ҚХР туристік компаниялары қатысты.
«Шығыс Қазақстан табиғи ландшафтық әсемдігімен ерекшеленеді. Бұл жергілікті халықты қуантатын біздің ортақ мақтанышымыз», - деді ШҚО әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.
Н.Сақтағановтың айтуынша, ШҚО-да облыс пен Еурокомиссия арасында түзілген меморандум бойынша, ауылдық туризмді дамыту бойынша ірі жоба жүзеге асырылуда.
Жобаны Еуропалық кеңес қаржыландыруда, ол Катон-Қарағай, Күршім аудандары және Риддер қаласында жүзеге асырылуда.
Шара барысында облыстың үздік туристік ұйымдары марапатталды. Қала жастары мен белсенділері студенттер ұйымдастырған көңіл-көтеру шараларына қатысты.