29.09.2014
«Қазақстанның астығы нарықта әрдайым сұранысқа ие екенін атап өткен жөн. Бұл ең алдымен оның сапасына байланысты. Ресейдiң нан өндiру комбинаттары Қазақстан астығын 10-15% көлемде қосып отырады. Сондықтан, біздің астыққа деген сұраныс әрқашан болады. Негiзгi нарықтарымыз – Иран, Түркия, Әзiрбайжан, Ресей, Орта Азия елдерi, яғни Қырғызстан мен Тәжiкстан. Астықты Оңтүстiк-шығыс Азия елдерi мен Қытайға экспорттайтын ойымыз бар», - дедi С.Хасенов.
Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар ұзақ уақыт жүргiзiлiп, бүгiнгi күнi өз нәтижесін беріп отыр.
«Қытай Халық Республикасына астық экспорттау көлемi артып келедi. Сонымен қатар, болашақта Қытай аумағымен транзит арқылы Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiне шығу жоспарлануда. Оның iшiнде, Оңтүстiк Корея да бар. Жыл басынан бері бiз 5 млн тонна астықты экспортқа шығардық», - деп толықтырды ол.
С.Хасенов бүгінгі таңда қазақстандық элеваторлардағы астықтың құны анықталды.
«Бүгінгі таңда элеваторлардағы үшінші классты астық құны 40 мың теңге, коммерциялық сатып алу тоннасына 35-36 мыңды құрайды», - деді ол.
Индира Қауметова