29.09.2014
«Республикада жеміс-көкөністерді сақтау көлемі 1 млн 100 мың тоннаны құрайды. Бір уақытта астықты сақтау көлемі жеткілікті, алайда жыл өткен сайын көкөніс пен жеміс жидектердің өнімі артуда», - деді ол.
Ол атап өткендей, жыл сайын арзандатылған несиелендіру арқылы елде жеміс-көкөністерді сақтайтын қосымша қоймалар салынады.
«Жыл сайын ҚазАгро бағдарламасы бойынша арзандатылған несиелерді қолдану арқылы жеміс-көкөністерді сақтайтын нысандарды салу жүргізілуде, мәселен, осы жылы қосымша 25 мың тонна сиымдылық енгізілді, бұл жұмысты одан әрі жалғастыру қажет», - деді С.Хасенов.
Индира Қауметова