29.09.2014
Комитет төрағасының айтуынша, биыл 17 млн тонна көлемінде астық ору жоспарланып отыр. «Еліміздің бір жылда тұтынатын астық көлемі шамамен 6 млн тоннаны құрайды. Бұл өз кезегінде жоспарланған 7 млн тонналық экспортты жабуға да жетіп артылады», - дейді комитет төрағасы.
Бүгінгі таңда Ақтөбе, Жамбыл, Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ору науқаны аяқталды. Шығыс Қазақстан облысы мен Қарағанды облысы да егістікті әне-міне бітуге жақын.
Сонымен қатар, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында егістік әлі жиналып жатыр. «Ауа-райы салдарынан аталмыш облыстарда жұмыстар тоқтап тұр. Сондай-ақ, қажетті техниканың санын ескерсек, элеваторлар мен құрғату орындарының көлемін есепке алсақ, алдағы екі апта ішінде барлық егістік орылып бітеді деп отырмыз», - дейді ол.
Камила Амирова