29.09.2014
Оның айтуынша, облыста қысқы спорт түрлерін дамыту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Қысқы спорт түрлері бойынша 334 секция жұмыс істейді. Онда 6 мыңнан астам адамға 278 бапкер мен ұстаздар бағыт-бағдар береді.
«Өңірде жыл сайын шаңғы жарысы, биатлон, шайбалы хоккей, шорт-трек спорты бойынша жарыстар ұйымдастырылады. Соның ішінде «Солтүстік», «Ақшақар», «Жұлдызша» атты жарыстар халықтың көңілінен шығып үлгерді», - дейді басқарма басшысы.
Қазіргі таңда облыста көпфункционалды 9 спорт алаңы орнатылып, жарыс ұйымдастыруға арналған 5 стандартты алаңдар мен 4 көпшілік сырғанағы жасалуда.