28.09.2014
Салалық құрылымда ең жоғарғы жалақы көрсеткіші кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді дайындау саласында байқалды. Атап айтар болсақ 264,8 мың теңгені құрайтын бұл еңбекақы орташа жалақы көрсеткішінен 2,2 есе артық. Ал кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерде жалақы көрсеткіші 229,3 мың теңге, қаржы және сақтандыру салаларында 206,0 мың теңгені құрап отыр.
Ең төменгі жалақы ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы мамандарында көрінеді. Атап айтар болсақ, олардың алатын 64,9 мың теңге айлықтары орташа айлық жалақыдан 46,7%-ға аз. Өңірлер бойынша ең көп жалақы алатын жерлер Маңғыстау облысы 237,0 мың теңге. Бұл республикалық көрсеткіштен 1,9 есе артық. Ал СҚО-да тиісінше 79,1 мың теңге, республикалық деңгейден 35%-ға аз.