• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қ.Өскенбаев: «Дипломмен ауылғаның» қатысушылары үшін міндеттер мерзімін 5-тен 3 жылға дейін азайту жоспарлануда 26.09.2014

«Жаңа ережелерге сәйкес, мерезімді 5 жылдан 3 жылға дейін азайту көзделген. Сонымен қатар, несие қаржыларын мерзімінен бұрын жабуға да рұқсат берілмекші», - дейді ол.

Оның айтуынша, осы бес жылда 3659 адам келісім шарттарын бұзған.

«Ауылдық жерлерге баратын мамандықтар тізімінің көбеюін ескерсек, бұл айтарлықтай көп көрсеткіш емес», - дейді вице-министр.

Айта кету керек, 5 жылда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 30 мың жас маманды қамтыды. Осы мақсатта бюджеттен 24,5 млрд теңге қаржы бөлінген. 2009-2013 жылдары жобаның іске асырылуы барысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Нәтижесінде, өткен жылдармен салыстырғанда қазір ауылдық жерлерге баратын жас мамандар санының күрт артқаны байқалады.

Индира Қауметова


Back to the list