• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БҚО-да өндірістік өнім өсімі 3,8%-ды құрады 26.09.2014

Кен өнеркәсібінің өндіріс көлемі 4,9%-ға өсіп, өңдеуші өнеркәсіптер де қарқын алуда, машина құрылысы саласы болса 10,1%, құрылыс индустриясы 14,1%, металлургия 8%-ға көбейді, дейді әкім.

Сонымен қатар, оның айтуынша, биыл бюджеттен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 4,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 9,2%-ға артық.

«Индустрияландыру картасы аясында облыс бойынша құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау, металлургия, мұнай өңдеу мен энергетика саласында 36 жоба іске асырылуда. Жобалардың жалпы құны 286,7 млрд теңге, нәтижесінде шамамен 1755 жұмыс орны ашылған», - дейді Н.Ноғаев. 


Back to the list