26.09.2014
«Қазіргі таңда біз жылыту маусымына дайынбыз. Әсіресе, Семей қаласы сақадай сай. Өздеріңіз де білесіздер, Үкімет қалалардың материалдық-техникалық базасын нығайтатын арнайы бағдарлама қабылдады. Осы бағдарлама негізінде жыл сайын Семейді жылумен қамтамсыз ететін мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 7 млрд теңге бөлінеді», - деді әкім.
Әкімнің айтуынша, Үкімет қолдауының арқасында сол жағалауда ЖЭО салынды. Онда екі су жылыту қазандығы бар. Олар сол жағалауды толықтай жылумен қамтамасыз ете алады. Бүгінгі таңда облыста 751 қазандық бар. Олардың 90 пайызы алдағы жылу беру маусымына дайын. Қалған 10 пайызы резервтегі қазандықтар, алайда олар да жылу беру маусымы басталғанға дейін дайын болмақ.
Өз сөзінде әкім Семей мен Өскеменнің жылу желілерінің 30-40 жылдан бері жөндеу көрмегенін еске салды.
«Мысалға, Семейлік бу қазандықтары 1934, 1948, 1950 жылдары салынған. Норматив бойынша олардың пайдалану мерзімі 30-40 жылдан аспауы керек. Дегенмен, тұрғындардан келіп түсетін апаттық жағдайға байланысты арыздар жыл санап азаюда. Жоспар бойынша бәрі ойдағыдай болуы керек. Біз алдағы уақытта тек Семей қаласы емес, барлық облыс зардап шекпейтіндей жұмыс істедік», - дейді Б.Сапарбаев.
Индира Қауметова