• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2014 жылдың соңына дейін ШҚО-да 2 мың пәтер пайдалануға беріледі – Сапарбаев (Брифинг бейнебаяны) 26.09.2014

«Біздің болжамымыз бойынша жыл соңына дейін 360 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, біз сондай-ақ, несиелік баспана мен ипотекалық баспана бағдарламаларын да қолданамыз. Қазір біз қосымша қаржы көздеріне, яғни, жеке кәсіпкерлерден қаржы тарту мәселелеріне назар аудара бастадық», - деді әкім.

Сондай-ақ, Б.Сапарбаев 2014 жылдың 8 айында 180 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты.

«Мемлекет басшысының басты тапсырмаларының бірі – халықты баспанамен қамту. Өздеріңізге мәлім, бұл мақсатты іске асыру үшін республикада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы жұмыс істейді. Аталмыш бағдарлама 8 ай ішінде 172 мың шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік берді», - деді ол.

Индира Қауметова


Back to the list