• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада өңдеу өнеркәсібі саласында аймақтық кластерлерді дамыту мәселелері талқыланды 24.09.2014

Бүгін Тәуелсіздік сарайында инвестиция және даму министрлігі мен «Индустрияны дамытудың қазақстандық институты» АҚ ұйымдастырған семинар-кеңес өтті

«Индустрияны дамытудың қазақстандық институты» АҚ төрағасы Айдын Құлсейітовтың  айтуынша, 2015-2019 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы ұзақмерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес құрылды. Ол экономиканы әртараптандыруды жылдамдатудың басты бағыты болып есептеледі. Қазақстанның 30 дамыған ел қатарына ену тұжырымдамасы мен Елбасының тапсырмалары шетелдік инвесторлар кеңесінің 26 пленарлы отырысында қаралады.

«2010-2014 жылдарға арналған ҮИИД МБ бағдарламасының дамуы оның жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Бағдарлама Қазақстанның өндірістік саласының бөлігі болып есептеледі және өңдеу өнеркәсібінің дамуына ден қойған», - деді ол.

Айта кетейік, семинар-кеңесте қозғалатын негізгі сұрақтар елдегі аймақтық кластердің дамуына бағытталады.

Сондай-ақ, ҮИИД МБ бағдарламасы аясында өңірлік кластер байқауының іріктеу  сұрақтары да қарастырылды.

Индира Қауметова


Back to the list