• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда 2014 жылы  қылмыс саны 6 пайызға қысқарды 24.09.2014

«Жүргізіліп жатқан шаралар қылмыстың жағдайына әсер етеді. Бүгінде елдегі қылмыстың саны 6 пайызға қысқарды, оның ішінде ауыр қылмыстар да бар», - деді И.Лепеха.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, ауыр қылмыс саны ағымдағы жылы 20 пайызға, адам өлімі 18 пайызға қысқарды. Көшеде орын алған қылмыс саны 8 пайызға, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыс 19 пайызға төмендеді.

И.Лепеха атап өткендей, адамдардың түсіну түйсігінің қалыптасуы әрбір адамның санасына әсер беруі керек.

«Мемлекеттік органдар мен үкіметтік және қоғамдық ұйымдардың  негізгі міндеті – құқықбұзушылыққа нөлдік шыдамдылық көрсетуді қалыптастыру, ол әрбір қазақтандық үшін саналы болып есептелуі тиіс. Демек, адам тек заңға ғана бағынбай, өзгелерді де оны ұстауына септігін тигізуі керек», - деді ол.

Индира Қауметова


Back to the list