• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Авариялық-құтқару қызметтері жиынында  құтқарушы-сүңгуірлердің жұмысы игерілді - КЧС 24.09.2014

Ведомтсвода хабарлағандай, салнатты ашылу рәсіміне Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұржан Нұрболатұлы Әлібаев, жергілікті атқарушы органның өкілдері, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары  мен құрметті қонақтары қатысты. 

««Нептун-2014» жиынының негізгі міндеттері құтқарушылар-сүңгуірлер арасында тәжірибе алмасу, заманауи сүңгуір жабдықтармен және жарақтармен жұмыс дағдыларын игеру, суда құтқару қызметі мен сүңгуір-іздеу жұмыстарын жүргізу технологиясын зерделеу және жетілдіру болып табылады», - делінген хабарламада.

23-26 қыркүйек аралығында құтқарушылар-сүңгуірлер үш тәртіптен (жалпы дене, құтқару және сүңгуір даярлығы) тұратын жарыстарға қатысады. 

Жарыстарға 18 команда, атап айтқанда облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің суда құтқару қызметтерінен 16 команда, «Оңтүстік өңірлік жедел-құтқару жасағы» ММ мен «Ресей ТЖМ ФӨҚҚ  Байқоңыр қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы» ММ командалары қатысуда.


Back to the list