23.09.2014
«Қаржыландыру мәселесі бойынша жоғарыда айтылғандай, 5 жыл ішінде мемлекеттік қолдау көлемі 43 млрд теңгеден 88 млрд теңгеге дейін көтерілді. Бұның өзі 2013 жылғы көрсеткіш бойынша. Ал 2014 жылы бұл көрсеткіш 156 млрд теңгені құрады. Бұл шамамен 3 есе өсімді көрсетеді. Қаржыландырудың жетіспей қалуына келер болсақ, «Агробизнес» бағдарламасы бойынша мол қаражат бөлінді. Алайда бұл жерде екі мәскеле бар. Бір жағынан бұл бюджеттік мүмкіндіктері болса, екінші жағынан әлемдегі түрлі өзгерістерге байланысты үкіметтің дер кезіндегі қабылдаған шаралары болып табылады. Екіншіден, біздің инфрақұрылымның мүмкіндіктері мен белгілі бір критерийлерге байланысты. Ол бөлінген қаражатты игеру тұрғысынан. Аталмыш мәселе тек шенеуніктер мен әкімдіктерге ғана емес, кәсіпкерлердің өзіне де байланысты болып отыр», - дейді А.Евниев.
Айта кету керек, бүгін Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді субсидиялауды жетілдіру мәселесі қаралды. Отырыс барысында министрлік ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді субсидиялаудың тетіктерін айтып, Кәсіпкерлер палатасы және өзге де тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп дайындаған ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерді субсидиялау механизмін жетілдірудің жаңа әдістерін жеткізді.
Индира Қауметова