23.09.2014
«Үкімет отырысы барысында Министрлікпен мүдделі мемлекеттік органдарымен және Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесе әзірленген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау тетігін жетілдіру бойынша келісілген шаралар айтылды», - деді ҚР ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайынов.
Вице-министрдің айтуынша, субсидиялауды арттырудың тиімді құралдарын көтеру мен ауыл шаруашылығы өнімінің өндірушілер арасында субсидия бөлу ұйымдарының құрылымдарын алып тастау мақсатында қазіргі субсидиялау жүйесін қайта қарау қажеттілігі туындап отыр.
«Ұсынылған шаралар Президент Әкімшілігі деңгейде қолдау тапқан жағдайда, АӨК саласындағы уәкілетті орган, мүдделі мемлекеттік органдарымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп, АӨК салаларында субсидиялаудың жүйесін жетілдіру бойынша нақты «Жол карталарын» әзірлеп, одан әрі АӨК субсидияландыру сұрақтары бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкесті өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін болады», - дейді М.Құсайынов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, ұсынылған шаралар АӨК салаларындағы өнім сапасы мен өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
«Біздің ойымызша, өндірісті арттыруды ынталандыру – кооперацияларды дамытып, өнімділікті арттырып, субсидиялаудың тиімді құрылымын құратын басты мақсат болып табылады», - деді.
Индира Қауметова