• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР ІІМ: Қазақстанда ЖКО-да қайтыс болған кәмелетке толмағандар саны 10 пайызға қысқарды 23.09.2014

 «8 ай ішінде біз ЖКО оқиғаларының санын 3,6 пайызға қысқарттық. Оның ішінде ЖКО-да қайтыс болған кәмелетке толмаған балалардың саны да 10 пайызға қысқарды», - деді ол.

Оның айтуынша, 2014 жылы ЖКО-да 142 адам қаза тапты, 3615 кәмелетке толмаған бала жарақаттанды, апаттың болу себебі  белгіленбеген жерде жолды қиып өту болып есептеледі. ЖКО-ның 80 пайызы көлік жүргізушілерінің тарапынан болады.

И.Лепеха атап өткендей, 7 жыл ішінде көліктердің саны бір жарым есеге көбейді.

«2007 жылдан 2013 жылға дейін көлік саны бір жарым есеге көбейді, ал жолдардың жағдайы өзгермеді, соңғы кездері жаһандық құрылыс жүруде. Егер де 2007 жылы бізде 2,5 млн көлік бірлігі болса, өткен жылы 4 млн-ға жетті», - деді И.Лепеха.

Индира Қауметова 


Back to the list