23.09.2014
«Бүгінде біз жолдағы жағдайдың барынша тұрақталғанын айта аламыз. Биылғы жылдың 8 айында ЖКО санын шамамен 3,6%-ға азайта алдық. ЖКО жан тапсырғандардың жалпы саны 14% төмендеді, бұл дегеніңіз 252 адам, ал жарақат алу көрсеткіші болса 5,5% азайды», - дейді ол.
Сонымен қатар, И.Лепеханың айтуынша, 2014 жылы жол қозғалысы туралы жаңа заңдар қабылданып, әкімшілік заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Онда көлікті мас күйінде айдағандарға берілетін жаза күшейтілген.
«Биыл депутаттардың қолдауымен ҚР жол қозғалысы туралы заңы қабылданып, жол қозғалысы мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы заңдар арқылы көлікті мас күйінде айдау мен өрескел заң бұзушылықтар бойынша жазаны күшейту тұрғысынан әкімшілік заңнамаға айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер бүгінгі таңда күшіне енген», - дейді И.Лепеха.
Сондай-ақ, әкімшілік полициясы комитетінің айтуынша, 2012 жылдан бастап қайтыс болғандар мен жарақаттанғандар санының өзгергені байқалады.
Индира Қауметова
Суретті түсірген Азамат Әлиев