23.09.2014
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Жұмысшы және ауыл жастары қауымдастығы» корпоративті қорының ұйымдастырған шарасына кәсіпкерлік жетекшілері, депутаттар, мемлекеттік орган өкілдері мен БАҚ шақырылған.
Күн тәртібіндегі басты мәселе – жұмысшы жастарды әлеуметтік қолдау мен халықаралық тәжірибе бойынша жастардың мәселесін шешуге белсенді ат салысу және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.
Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, жұмыс берушілер, атқарушы билік пен жұмысшы жастар арасында ашық диалог алаңы құрылмақ.
Форум қатысушыларына оқыту шеберлік сабақтары мен семинарлар, кәсіби оқыту бағдарламаларының таныстырылымы мен жас мамандарды қайта даярлау, сонымен қатар Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірісінің нысандарына экскурсия ұйымдастырылады.