23.09.2014
«Шараға ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары Э.Толғанбаев, «Қазконтент» АҚ ғаламтор жобалары бойынша басқарушы директоры Ж.Шолақов, «Қазконтент» АҚ жобаларды сараптау және дамыту департаментінің сарапшысы Б.Макрашев, «7 арна» директорлар кеңесінің төрағасы Б.Жексенбай және 37 баспасөз хатшысы қатысты. Олардың арасында облыстық басқармалар мен департаменттердің БАҚ-пен жұмыс істеу өкілдері бар», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігі.
«Бастаманың мақсаты баспасөз қызметінің жұртшылықпен және БАҚ-пен тиімді байланыс құруын қамтамасыз ету», - дейді «7 арна» директорлар кеңесінің төрағасы Б.Жексенбай.
Семинарда пікір алмасып, қатысушыларға баспасөз қызметінің басты құралдары мен жұмыс қағидалары таныстырылды.
«Шара уақыттың талабына сай қолға алынып отыр. Бүгінгі таңда БАҚ саласы қарқынды дамуда. Біздің мақсатымыз баспасөз қызметі жұмысының басты қағидаларын оқытып, қызметкерлердің жұртшылықпен және БАҚ-пен өзара тиімді байланыс құруына баулу», - дейді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары Э.Толғанбаев.