22.09.2014
"Кездесуде Раушан Сәрсембаева аталмыш қауымдастықтың ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесе отырып, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында тұрғындарды, оның ішінде әйелдерді елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалардың барысымен кеңінен таныстыру және әйелдер мен қыз-келіншектерге өз ісін ашуға барынша көмектесу мақсатында жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба туралы баяндады", - деп хабарлады облыс әкімдігі.
«Жоба аясында Алматы облысының әр аудан, қалаларында кемінде 20 шағын бизнес орындарын ашу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін бизнесін ашамын деген әйелдерге семинар-кеңестер өткізіп, оларды оқытумен қатар несие беру жағы қарастырылған», - деді Р.Сәрсембаева.
Өз кезегінде Алматы облысының әкімі А.Баталов іскер әйелдер қауымдастығының қоғамдағы рөліне тоқталып, әрбір бастамаларына қолдау білдіретінін жеткізді.
Пилоттық жоба Алматы, Қостанай және Атырау облыстарында жүргізілгелі отыр.