• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыдағы Қала күнін мерекелеуге 200 мыңнан астам адам қатысты 22.09.2014

Қалалық «AppleFest» алма фестиваліне 160 000 адам келді, ал Орталық саябақта өткен «Біздің сүйікті саябақ» мәдени қойылымын 50 000 астам алматылық пен қала қонақтары тамашалады. Осылайша биыл қала мерекелері тарихында түрлі шараларды көруге келгендер саны абсолютті рекордқа жетті.

Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында 18 негізгі шара өтті, бұл былтырғымен салыстырғанда 5-ке көп. Қала күні қарсаңында Алматыда рухани деңгейі жоғары мәдени шаралар ұйымдасмтырылды. Мысалы, жаңа «Гакку» музыка каналының ашылуына орай қазақстандық тұңғыш музыка фестивалі, Ван Гог картиналарының мультисенсорлық және Алматы туралы мультимедийлік көрмелер өтті. ОДМС-дағы қайта жөнделген «Шабыт» жазғы театрының ашылуы да қала күніне орайластырылды.

Қаланың ашық алаңдарында ұйымдастырылған түрлі жанрдағы 11 фестивальге келушілер мен тамсанушылар да көп болды.


Back to the list