• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Таразда мембағдарлама бойынша пәтер алуға өтінімдерді  қабылдау басталды 22.09.2014

Өтінімдер 2014 жылғы 12 қазаннан бастап 27 қазанға дейін www.fnsk.kz. веб-сайты арқылы қабылданады.

Сатып алынатын пәтерді екінші деңгейлі банктердің, соның ішінде «Қазақстан Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ-ның шарты бойынша кепілге қою арқылы қарыз қаражат есебінен алу мүмкіндігі қарастырылған. 

Пәтерлерді алу үшін өтінімдер Ақтөбе қаласында баспанасы жоқ немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартқысы келетін адамдардан www.fnsk.kz. веб-сайты арқылы электронды түрде қабылданады.

Пәтерлерді өткізу Жылжымайтын мүлік қорының ішкі ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлік қорының www.fnsk.kz. интернет-ресурсында өтінімдерді тіркеу және беру жөніндегі нұсқаулықтар, бейнероликтер орналастырылған, олардан бағдарламаның негізгі шарттары туралы білуге болады.

 «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша Ақтөбе қаласынан пәтер алғысы келетін барлық адам www.fnsk.kz сайтына тіркелуі қажет. Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін сайтқа тіркеліп қойған жөн. Сайтқа тіркелу үшін электрондық-сандық қолдың болуы қажет. Тіркелу жөніндегі нұсқаулықты www.fnsk.kz сайтынан оқуға болады.

Өтінімдерді қабылдаудың белгіленген мерзімінде барлық тіркелген пайдаланушылар үшін пәтер алуға өтінімдер жіберу мүмкіндігі бір мезгілде ашылады. Кезектілік электрондық өтінім қабылданған уақыт бойынша автоматты түрде қалыптасады. Бұл ретте өтінім белгілі бір пәтерлер түріне беріледі.  Өтінімдер нақты берілгеннен кейін таңдап алынған пәтер түрін өзгертуге болмайды. 

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын, коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын өткізу қағидалары,  Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын, коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ көлік орындарын өткізу тәртібі және Өтінім беру жүйесі жөніндегі келісім Жылжымайтын мүлік қорының www.fnsk.kz сайтында орналастырылған.


Back to the list