• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбеде 16 қыркүйекке дейін мүлікті жария етуге 50 өтініш түсті – әкімдік 22.09.2014

Әкімдікте хабарлағандай, оның бір бөлшегі Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ербол Қалдығұловтың  төрағалығымен 15 қыркүйек күні қаралды.

«Күн сайын 9.00-дан 17.00-ге дейін № 1 және 1а кабинеттерінде өтінішті бірден 5 маман қабылдайды. Тұрғындар тегін рәсімдеу мүмкіндігі бар екенін білген соң, қандай құжаттар керектігін анықтайды», - деді комиссияның хатшысы Айгүл Баймашева.

Ол атап өткендей, ақтөбеліктер баспана, шаруашылық нысандарын рәсімдеуді қалайды. Мәселен, жер телімі қожайынның атына рәсімделіп, жалға берілмеді. Оны тексеру үшін комиссия өтінішті әділет басқармасына бағыттайды.

«Адамдардың өздері бізге тапсырылған құжаттың шынайылығы мен толықтығына жауап береді. Мүліктің құнын да өздері белгілейді, біз тек ұсыныс қана жасай аламыз», - деді А.Баймашева.

Облыстық департаменттің салық төлемдерінің өндірістік емес әкімшілік басқармасының бас маманы Абат Бекмурзиннің айтуынша, осы күнге дейін ақтөбеліктердің бір де біреуі шетелде жатқан қаржыға жария ету үшін өтініш жазбаған. 


Back to the list