21.09.2014
«1994 жылы құрылған Қазақстандық-Американдық еркін университет ағымдағы жылы мерей тойын атап өтуде. Осы уақыт аралығында 10 мың маман дайындалды, оның 4 мыңы ағылшын тілін еркін меңгерген. 625 магистр мен докторант АҚШ-тағы халықаралық бағдарламалар мен тағылымдамалардың қатысушылары атанды. ЖОО түлектері бүгінде әлемнің әр түкпірінде еңбек етуде", - деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
2014 жылғы ЖОО ұлттық рейтингінің қорытындысы бойынша ҚАЕУ Қазақстанның үздік гуманитарлық-экономикалық университеттерінің бестігіне кірді.
Мерей тойлық шаралар аясында ғалымдар кеңесінің салтанатты отырысы өтті.
Мерекеге АҚШ-тан 25 шетелдік әріптес келді.Олар екі елдің ынтымақтастығы өз жемісін беріп жатқанын атап өтті.