21.09.2014
Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, патриоттық акция аясында ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлері, Қарулы Күштердің ардагерлері, қалалық әкімшілік қызметкерлері қатысты.
«Акцияның негізгі мақсаты – Қазақстан әскерінің қалыптасуы мен нығаюына салмақты үлес қосқан әскери қызметшілерді құрметтеу, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылады», - деп атап өтті ӘҚК бас қолбасшысы басқармасы ұшулар қауіпсіздігі қызметінің бастығы полковник Қайрат Баймаханов.
Іс-шарада сөз алған авиация базасының командирі подполковник Ерлан Науанов «Авиатор жауынгерлер» Әскери-әуе күштерінің құрамын тәрбиелеудегі монументінің маңызына тоқталды.