20.09.2014
Жәрмеңкеге Жетісу өңірінің 19 ауданы мен қалаларынан келген ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер қатысты.
«Астаналықтар мен қала қонақтары үшін 50 ден астам өнім түрлері қаладағы базар бағасынан 10-20 пайыз төмен бағаға сатылды», - деп хабарлады қалалық әкімдік.
Жетісулықтар тұтынушыларға 15 тонна қой еті, 16 тонна сиыр еті, 14 тонна жылқы еті, 4,2 тонна шошқа еті, 6 тонна құс еті, 12 тонна балық, 18,2 тонна сүт өнімдері, 52 тонна картоп, 194 тонна көкөніс, 12 тонна жеміс-жидек, 70 тонна т.б. тауарлар ұсынды.
Атап өту керек, Астанада аймақтардың ауыл-шаруашылық жәрмеңкелері осымен 5 жыл өткізіліп келеді.