19.09.2014
Бұл туралы Астана қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов Есіл, Сарыарқа, Алматы аудандарындағы бизнесті сервистік қолдау қызметінің таныстырылымы барысында айтты.
Биылдан бастап Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Жұмыс істеп тұрған бизнесті сервистік қолдау» операторы болып табылады.
2014 жылдың шілдесінен бастап Астана қалалық кәсіпкерлер палатасы бизнеске салық және бухгалтерлік есеп, кедендік рәсімдеу, менеджмент жүйесін, бизнесті заңгерлік қамтамасыз ету, маркетингтік қызмет беру, ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсету, мемлекеттік тендерлерге қатысу, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын игерушілерді сатып алу бойынша бизнеске сервистік қолдау көрсетуде.
Жобаның мәні сонда, шағын және орта бизнеске тегін кеңес беру мен қызмет алу мүмкіндіктерін ұсынады. Өйткені ШОБ өкілдері көп жағдайда білікті бухгалтерлерді, кедендік заңгерлерді, маркетологтарды және өзге де мамандарды штатта ұстау мүмкіндігіне иелік ете бермейді. Алғашқы екі айдың нәтижесі бойынша Астанада 700 кәсіпкерлік субъекті бизнесті сервистік қолдаудың 1059 қызметін тұтынды. Олардың барлығы дерлік шағын кәсіпкерліктер», - дейді М.Мәжитов.