• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жарты жылда  «KEGOC» АҚ таза пайдасы 588 млн теңгені құрады 19.09.2014

«Операциялық кіріс өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2,7 есеге артып, негізігі қаражатты артық бағалау есебінен 15 822 теңгеге дейін көбейді. Негізгі қаражатты қайта бағалаудан табысты есептемегенде операциялық кіріс 1 628 млн теңгені құрады. «KEGOC» АҚ-ның 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы таза табысы 86,4% азайып, 588 теңге кеміді. Бұған басты себеп ақпан айындағы теңге курсының түзетілуі», - делінген хабарламада.

«2014 жылдың бірінші жарты жылдығында компания негізгі қызметтерінен түсетін пайданы көтере отырып өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 22 пайызға көбейтті. Сонымен қатар, құлдырауға да жанама факторлардың әсер еткені анық. Атап айтар болсақ, 2014 жылдың ақпан айындағы теңге курсының түзетілуі мен өтпелі немесе бір реттік шығындардың көбеюі», - дейді «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев.

Оның айтуынша, компания Қазақстанның ұлттық электрлі желісін жаңғыртуға, елдің энергоүнемдеу жүйесінің беріктігін арттыруға және қазақстандық экономиканың артуын қолдауға бағытталған «KEGOC» АҚ инвестициялық бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда.


Back to the list