• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің  корпоративті тұжырымдамасы қабылданады – ҰКП 19.09.2014

Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, тұжырымдама жобасын қазір Ұлттық палата дайындауда.

«Жыл соңына дейін бизнестің корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасы қабылданбақ. Біздің ойымызша, ынтымақтастықтың жалғыз құралы ретінде тұрақты шешім қабылдап, әлеуметтік ахуал құрып, қоғам мен кәсіпкерліктерде тұрақтылықты орнататын тиімді әлеуметтік диалог құруды айтуға болады», - дейді Нұржан Әлтаев.

Ұлттық тұжырымдамада жазылатын нормалардың бірі ұжымдық келісімдердің тек ірі кәсіпкерліктерде ғана емес, сонымен қатар орта деңгейлі кәсіпкерліктерде де құрылады.

«Меморандумның құрылуы Палатаның күшті әлеуметтік әріптес болу және әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселесін реттейтін және тиісті шара қолдану мақсаттарын ілгерілетуге қызмет етеді», - деп хабарлайды ҰКП.

Сонымен қатар, әлеуметтік әріптестік бойынша салалық және өңірлік комиссия жұмыстарын жандандыру мен әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелерді талқылау жоспарлануда.


Back to the list