18.09.2014
Ерік Сұлтанов «Белое-Агро» ЖШС алқабында болды. Әкімдіктің мәліметінше, ЖШС 5600 га жинауда.Оның 3,5 мыңы – бидай.Орташа есеппен гектарынан 15 центнер өндіріледі.
Сондай-ақ, майлы дақылдар да өсіріледі. Ауылдықтар мал шаруашылығымен белсенді айналысуда.
«2012 жылдан бастап біздің шаруашылық базасында тұқымдық репродуктор құрылды. «Аңғұс» тұқымының 300 басы әкелінді. Бүгінгі таңда бізде 500 бас ІҚМ бар», - деді «Белое-Агро» ЖШС директоры Талғат Әлжанов.
Облыс әкімі «Күлік» ЖШС алқабында да болды. Олар 8 мың гектар жердің астығын жинайды.
Мамлүк ауданының аграрилерімен кездесуде Е.Сұлтанов егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына ерекше назар аудару керектігін айтты. Мемлекет бұл салаға үлкен қолдау көрсетіп отыр. Аймақ басшысы «Құлан», «Алтын-Сақа», «Сыбаға» бағдарламаларына қатысу керектігін айтты.
Ерік Сұлтанов Жамбыл ауданының «Шатило и К» ЖШС алқабында егіс науқанымен танысты. Ол 140 гектарды алып жатқан шаруашылық. Бүгінгі таңда гектарынан 38 центнер астық алынып отыр.