18.09.2014
«Өткен аптада ғана біздің фракция Мемлекет басшысының тиісті тапсырмаларын іске асыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын тиімді іске асыру туралы мәселені көтерді. Нысандарды жекешелендіру мәселесі айналасында туындаған күрделі жағдайға байланысты «Ақ жол» партиясы жекешелендірудің екінші толқынына мониторинг жүргізетін қоғамдық кеңес құруды ұсынды», - дейді Н.Жазылбеков.
Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» қоры 2014-2020 жылдары Самұрық-Қазына тобының 106 үлескер компаниясына түрлі акция пакеттері мен үлестерін сатуды ұсынды.
Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, жекешелендіру бағдарламасы мемлекеттің ел экономикасына қатысуын қысқартып, жеке сектор үлесін арттыру есебінен оның негізін азайтуды көздейді.
Индира Қауметова